Инсульт алған науқастарға күтім жасауды үйретті

Түркістан қалалық орталық ауруханасында Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен  Санкт-Петербург қаласындағы СПҰМУ–нен «Инсульт алған науқастарды реабилитациялауда мультидисциплинарлы көмек көрсету мен реабилитациялық диагноз қою» тақырыбында цикл өткізілді. 

Screenshot_15.png

Оқуды доцент Ольга Камаева өткізді. Циклге орта буынды медицина қызметкерлері, емдік дене шынықтыру мамандары (инструктор, инструктор-методист), реабилитолог дәрігерлер және невропатолог дәрігерлер қатысты. 

Аталмыш циклды ұйымдастыру міндеттерін орындауда Түркістан облыстық  Денсаулық  басқармасының штаттан тыс бас неврологы Н.Жарқынбекова, ҚА инсульт орталығының бөлім меңгерушісі С.Нұртаев үлес қосты. 

Айта кетейік, циклдың қатысушылары инсульт алған науқастарды реабилитациялаудың барлық әдістері мен принциптерін, бронхөкпе асқынулардың алдын-алу үшін жұтыну сынағын скрининг жүргізуді үйренді.