2023 жылы eHealth ақпарат жүйесі іске қосылады

Screenshot_7.png

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бағытында eHealth ақпарат жүйесін 2023 жылы іске қосу көзделгенін айтты

«Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін цирфландырудың негізгі міндеті – Денсаулық сақтау министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының бытыраңқы жатқан ақпараттық жүйелерін біріктіру. Бұл мәселені шешу үшін eHealth атты денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық электрондық сәулетіне көшу жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында азаматтардың ұлттық электрондық денсаулық паспортын жасау, микросервистік архитектураны пайдалануға көшу және анықтамалық мәліметтер базасын құру көзделген» деп жазады Ералы Тоғжанов. 

Оның сөзіне қарағанда, eHealth жүйесінің құрамдас бөліктерін іске қосу 2022 жылға жоспарланған. Ал жүйенің өзі 2023 жылы толық жұмыс істей бастайды. «Қазір денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін модификациялау, eHealth ядросының базалық бөлшектерін әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Модификация аясында «цифрлық еркіндік» қағидатын қамтамасыз ету көзделген. Бұл қағидат бойынша медициналық ақпарат жүйелері араснында деректерді жоғалтпастан алмасу жоспарланып отыр. Бұл медициналық ұйымдардың медициналық ақпарат жүйелеріне тәуелдігін жояды. Қазіргі таңда «Вакцинация», «Вакцинацияның электронды паспорты», «Клиникалық ақпараттың орталық сақтағышы» сияқты модульдер жасалды», - делінген вице-Премьердің жауабында. 

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов елдегі педиатр мамандардың тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтып берді.