Танымал режиссер Нұрлан Қоянбаевпен жұмыс істеуден бас тартты

149552955155j59.jpg

"Бизнес по-казахски" және "Бизнес по-казахски в Америке" фильмдерінің режиссері Жеңісхан Момышев қазір Нұрлан Қоянбаевпен жұмыс істемейтінін ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал режиссер "Бизнес по-казахски" фильмінің үшінші бөлімін түсірмейтінін айтты. Ол қазір продюсер ретінде өзінің алғашқы жұмысын бастап кетіпті. Картина қарттар үйі туралы болмақ екен. 

Сондай-ақ, ол өзі үшін комедия да, драма да қызық екенін атап өтті. Жеңісхан қазіргі туындысын алдағы екі фильмінен де жоғары деңгейге көтеруді мақсат тұтып отыр.

"Таңертең тұрғанда кино қалай шығады екен деп ойлаймын. Ұйықтайтын кезде де кино қалай шығады екен деп ойлаймын. Көзімді ашсам да, жұмсам да осы. Тек киномен өмір сүріп жатырмын", - деді режиссер.

Жақында бойдақтықпен қош айтысқан Жеңісхан неке сақинасын ұмытып кете беретінін де жасырмады.