Мектеп мұғалімдерінің бір күндік айлығы футбол клубына заңсыз аударылған
Өзбекстанның Жизақ облысындағы мұғалімдерден жиналған 272 млн сум (шамамен 33 мың доллар) жергілікті "Согдиана" футбол клубының қаржы-техникалық базасын нығайтуға аударылған. Биыл 3-4 қарашада жалпыхалықтық қайырымдылық шара ұйымдастырылып, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардағы қызметкерлердің бір күндік жалақысы футбол клубын қолдауға аударылған. Бірақ Өзбекстанның білім министрлігі бұл шара елде мәжбүрлі еңбекпен күрес жөніндегі заңға қайшы келеді деп есептейді. Хабарларға қарағанда, қазіргі таңда жиналған қаражатты қайтаруға әрекеттеніп жатыр.
®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мектеп мұғалімдерінің бір күндік айлығы футбол клубына заңсыз аударылған
Бөлісу тақырыбы: Мектеп мұғалімдерінің бір күндік айлығы футбол клубына заңсыз аударылған