Үшінші мегаполис дәрігерлері 130-шы науқастың бүйрегін алмастырды

49948637_2113470735631791_6022006124264292352_n.jpg

Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында дәрігерлер 130 бүйрек және 18 бауыр алмастыру отасын сәтті жасап шыққан. Ағза алмастырған науқастардың барлығының денсаулығы бірқалыпты дейді дәрігерлер. Жүзден аса азаматқа жаңа өмір сыйлаған ақ халаттылар шетелдік азаматтарғада транспланталогиялық операция жасаған. Нақтырақ айтқанда аурухана базасында 17 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру отасы жасалған. Бүгінде ол науқастардың жағдайы да қанағаттанарлық. Донорлар және реципиенттер амбулаториялық емдеуге жіберілген. Күрделі оталардың барлығы аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиевтің жетекшілігімен жүргізіледі.