Шымкенттің бас дәрігері қызметінен кетті

Nurlan_Kasymov2.jpeg

Қызметіне кіріскеніне көп уақыт бола қоймаған Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов қызметінен кетті. Бұл туралы Elitar.kz жазады. Нұрлан Кәукенұлы отбасылық жағдайына байланысты креслосын өз еркімен босатқан. Үшінші мегаполистің экс бас дәрігері алдағы уақытта қайда жұмыс істейтіні белгісіз. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына әзірге жаңа басшы тағайындалған жоқ.