Миына ота жасап жатқанда науқас гитарада ойнаған

20190130201539.jpg

Дәрігерлер Оңтүстік Африка Республикасында джаз музыканты Муса Мазинидің миындағы қатерлі ісігін алып тастау үшін ота жасап жатқанда ол гитарада ойнаған. 

Дәрігерлер бас сүйегін тескенде, Мұса ұйқыда жатты. Ал ісікке жеткен кезде дәрігерлер науқасты оятты. Бұл ми қабығының картасын жасау үшін қажет болған. Ота сәтті өтіп, дәрігерлер қатерлі ісіктің 90%-ын алып тастады. Енді Мұса жаңа әндерін жазбақ болып отыр. Айта кетейік, миға ота жасаудың ерекше тәсілі Алматының №7 ауруханасында да кеңінен қолданылады. Мұндай отаны бірнеше маман жұмыла отырып жасайды. Ота кезінде анестезиологиялық құрал науқас дәрігердің қарапайым сұрақтарына жауап бере алатындай етіп беріледі. Яғни, отаның алдында науқас ұйқыға кетеді, нейрохирургиялық ота жасалып жатқанда ол оянып, дәрігерлермен сөйлеседі. Сосын жалпы анестезия беріліп, ол ұйқыға кеткен соң ота аяқталады. Ал науқас ауруын сезбейді.

inform.kz