Онкодиспансердің бас дәрігері қамауға алынды
Тергеу соты Қостанайда онкологиялық диспансердің бас дәрігері Муслим Наурзовқа қатысты санкцияны қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 жылдың 29 қаңтарында Қостанай қаласының мамандандырылған соты Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Марат Әбішевтің Муслим Наурзовқа қатысты үйқамақта ұстау жазасын қамауға алу жазасына ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды» делінген хабарламада. М.Наурзов ауыр қылмыс (топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде пара алған) жасады деген күдікке ілінген.
Алдыңғы: Жатыр мойны обыры жасарып барады