Түркістанға Англиядан нейрогенетиктер келді

53520584_585337015314250_2437652995727425536_n.jpg

Түркістан облысының дәрігерлері Англиядан келген үздік нейрогенетиктерден тәжірибе алуда.
Әлемдік медицина мэтрлері генетикалық аурудан зардап шегетін науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының шақыруымен Түркістан облысына неврология және нейрогенетика профессоры, University College of London неврология институтының Нейрогенетикалық зертханасының жетекшісі 
Генри Холден (Henry Houlden) және оның әріптесі, осы ЖОО – ның докторанты, Қазақстандық Рауан Қайыржанов келді. Жас ғалым бірнеше жылдан бері Англияда оқып, жұмыс істейді. Медицина ғылымдарының магистрі, невролог, қозғалыс бұзылулары бойынша үздік маман Лондон неврология және Нейрохирургия ұлттық госпиталінде қызметкер атқарады. 
Білікті дәрігерлер тұқым қуалаушылық патологиясы мен қозғалу бұзылуынан зардап шегетін балалар мен ересектерді қабылдауда. Олар 3 күн ішінде осы кеселдің ең ауыр түріне шалдыққан 100-ге жуық науқасқа көмек көрсетеді. Сонымен қатар Ұлыбританиядан арнайы келген нейрогенетиктер "Нейрогенетика және паркенсонизм" тақырыбында ғылыми - практикалық семинар өткізуде. Әлемдегі ең үздік мамандардың бірі Түркістан облысының дәрігерлерімен генетикалық ауруларды емдеудің жаңа әдістерімен және тәжірибесімен бөліседі.
Бүгінде дәрігерлер тұқым қуалайтын ауру түрлерін дәл анықтай алады. Алдыңғы қатарлы технологиялар гендегі аурудың қандай деңгейде бұзылғанын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, ген - "жад картасы" жиынтығы десек, олардың әрқайсысына адам ағзасы туралы белгілі деректер "жазылған". Егер ғылыми тілде айтатын болсақ, ген- адамның ДНК фрагменті. Сонымен қатар, соңғы кезде гендік мутациялардан туындаған аурулар да азаймай отыр. Мамандар мұндай ауруларды тек генетикалық сараптама нәтижелері бойынша ғана анықтай алады. 
Жақын арада генетикалық аурудан, тұқым қуалайтын қозғалу патологиясынан толық ем алу мүмкіндігі пайда болады, дейді шетелдік дәрігерлер. Әлемдік медицина алға қадам басып, науқастар үшін толыққанды өмір сүру мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, дәрігерлердің мәліметтері бойынша жыл сайын тұқым қуалайтын аурлардың саны артып келеді. Соның ішінде біздің өңір де бар.
Өткен жылдың күзінде өңірде Паркинсон ауру мен қозғалу бұзылыстары бойынша бірінші Орталық Азия конференциясы өтті. Ұлыбританиядан, Испаниядан, Эстониядан және Түркиядан келген ең танымал дәрігерлер Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қазақстандық неврологтарымен тәжірибе бөлісті.