Ауруларды басқару бағдарламасының орталығында тәжірибе алмасу

   Screenshot_1.jpg

 Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бұйрығы негізінде ауданаралық Ордабасы аудандық орталық ауруханасында "Ауруларды басқару бағдарламасының орталығында тәжірибе алмасу" мақсатында семинар сабақтары өткізілді.  
    Семинарға қатысушылар ауруларды басқару бағдарламасы орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, "Созылмалы инфекциялық емес ауруы бар науқастарды динамикалық бақылау" және "Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасы" және 3 нозология бойынша АГ, КД, СЖЖ жасалатын зерттеулердiң маңыздылығы, мақсатты индикаторларга қол жеткізу, базамен жұмыс жасау барысында жиі жіберілетін қателіктер, әлеуметтік келісім-шарттармен жұмыс жасау, "Созылмалы жүрек жетіспеушілігі " тақырыбында түрлі презентацияларды тыңдады. 

    Семинар соңында сұрақ-жауаптар алынып, тәжірибе алмасылды.