18 жылжымалы кешен сатып алынады
Премьер-министрдің мәліметінше, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 49 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Аталған кешендерде хирург, акушер-гинеколог, отолраинголог, офтальмолог, стоматолог сынды бейінді мамандар тұрғындарға кеңес беріп, медициналық процедураларды, зертханалық зерттеулерді жүзеге асырады.
– Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес 2018 жылы жылжымалы медициналық кешен қызметімен 1763 ауылдық елді мекен қамтылып, 826102 адам тексерілді. Бұл ауыл халқының жалпы ауыл халқының 11 пайызы. Бұл ретте профилактикалық тексеру барысында 88609 науқас анықталып, оның 29440-ы емделді. Биыл кемінде 865 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Алдағы үш жылда өңірлердің өтінімдері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі 18 жылжымалы медициналық кешен сатып алуды жоспарлап отыр. Оның біреуі – Қостанай, екеуі – Атырау, үшеуі – Ақтөбе, үшеуі – Павлодар, төртеуі – Түркістан, бесеуі Қызылорда облыстарына бағытталады, – деді Асқар Мамин.
Диагноз газеті