Қазақ-корей реабилитология кафедрасы ашылады
Денсаулық сақтау министрлігі мәлім еткендей, тараптардың кездесуі Корея Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. Бұдан бөлек министрлер денсаулық сақтау саласындағы қазақ-корей қарым-қатынасы, Кореядан ІT-технологияны үйрену, медициналық сақтандыру, медициналық туризм мен білім беруді дамыту мәселелерін талқылады. Атап өтілгендей, Кореядағы беделді мемлекеттік медициналық мекемелерде отандық дәрігерлерді дайындықтан өткізу, мандардың біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ кардиология, онкология, жедел медициналық көмек, репродуктивтік медицина және басқа да салаларда тәжірибе аламасу көзделген.
– Қол қойылған Қазақстан-Корея арасындағы арнайы бағдарлама екі елдің денсаулық сақтау саласындағы қарым-қатынастың нығая түскенін көрсетеді, – деді Елжан Біртанов.
Сондай-ақ, тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында реабилитация кафедрасын ашуға, медициналық ғылым мен білімге, медициналық ақпараттық технологияға қатысты меморандумдарға қол қойылды. Келісімшарт Корея мен Қазақстанның Ұлттық онкологиялық орталықтары арасында да жасалды.
«Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрі Пак Нын Ху Қазақстанның денсаулық сақтау саласының электрондық ақпараттық технологияға көшуін жоғары бағалады. Және екі елдің бұл бағыттағы байланысының болашағы зор екенін айтты», - делінген баспасөз баянында.
Пан Нын Худың айтуынша, Қазақстан мен Кореяның денсаулық сақтау саласында онкологиялық көмекті дамыту, азаматтарды жаппай скринингтен өткізу сынды ұқсас, ортақ шаралар көп. Кездесу соңында Елжан Біртанов Қазақстан Корея ұсынған бірлескен инвестициялық жобаларға қатысу мәселесін қарастыруға, денсаулық сақтау жүйесін модернизациялауға бағытталған озық технологияларды үйренуге, тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.
Диагноз газеті