Тамақтануда түске мән беріңіз

тамактану.jpg

Адамның тоюы ыдыс-аяққа ғана емес, тамақ түсіне де байланысты екен. Мысалға, тез тамақтану орындарын еске алайық, ондағы сәндік декоративтік дизайн барынша қою түсті болып келеді. Қызыл, қою сары және сары түстер көп. Бұл түстер тәбетіміздің ашылуына сеп болады. Ал қымбат мейрамханаларда тұтынушыларды ұзақ уақыт отырғызу үшін салқын әрі адам психикасына әсер етпейтін түстерден құрылған интерьер жасалады.  Тағы бір айта кетерлігі, егер тамақ түсі мен ыдыс-аяқ түсі бірдей болса, адам баласы өз мөлшерін білмей, көп тамақтанып қояды екен.

Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тамақтануда түске мән беріңіз