Туристер жастармен пікір алмасты

98438be0f2fd255e01dacd347593b59e.jpg

Қайта түлеген Түркістанның туризмін дамыту мақсатында өңірдің шетелмен байланысы нығайып келеді. Мәселен жақында Якутия елінен келген бір топ журналистер көне шаһарды аралап, Ясауи және Арыстан баб кесенелеріне тәу етіп қайтқан болатын. Шетелдік қонақтар қаланы аралап қана қоймай Қ.Ясауи атындағы Халықалақы қазақ-түрік универсиетінің журналистика мамандығында оқып жатқан студенттермен жүздесті.  

 Жиында Түркі әлеміне ортақ тарихи, рухани құндылықтар жайлы, медиақауымдастықтардың еларарлық байланысын нығайту мәселелері жөнінде салиқалы сұхбаттар жүргізілді. Шетелдіктер жастармен құнды пікірлер алмасып, өз ойларын ортаға салды.  -- Біз түркі тілдес халық болғандықтан, Қазақ елін бауыр санаймыз. Барша түркі тектес халықтар Қазақстанды – түркі жұртының қара шаңырағы санайтындықтан ұлы даланы көру, тарихымен танысу, оның ішінде Түркістанға бару біз үшін үлкен арман болды. Біз Қазақстанға Саха республикасында түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін 26 журналист келдік. Барлығымыздың да табанымыз қазақ топырағына алғаш рет тиіп отыр. Міне Қожа Ахмет Ясауи кенесін көрдік. Алған әсеріміз шексіз. Түркістанда туризмді халықаралық деңгейде дамытуға мүмкіндік мол екен. Сондай-ақ түркі әлеміне ортақ тарихи, рухани құндылықтар өте көп. Еларалық байланысты нығайтып, түркі халықтарының басын біріктіруде Түркістан алатын орны зор деп білемін, - деді РФ Саха Республикасы Журналистер Одағының төрайымы Галина Бочкарева.

Түркі халықтарының басын қосқан білім аталмыш шаңырағында қазіргі таңда Саха-Якутияның 13 студенті оқып жатыр екен.Журналистер жерлес-студенттерін ортаға алып, олардан оқулары, тұрмыстары туралы сұрастырды. Студенттер жағдайларының жақсы екенін, оларға барлығы ұнайтынын, оқуларын ақтағаннан кейін магистратурада оқуларын жалғастыратындарын немесе қазақстандық кәсіпорындарда жұмыс жасағылары келетінін жеткізді, себебі олар қазақ, түрік және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Туристер жастармен пікір алмасты