Темекі - тажал!
Темекінің адам ағзасына зияны айтпаса да түсінікті. Оның құрамындағы никотин өкпеден қан айналым мүшелеріне өтеді де, басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.
Никотин темекі өсімдігімен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға да болады. Егер құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз, олар өліп қалады. Үй қояны 1/4 никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса-ақ жетіп жатыр немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті.
Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді? Өйткені ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі, темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нитралдайды.
Темекі адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім.
Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсіресе адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.