Отырардың алмасы-ай!

Screenshot_3.jpg

Отырар ауданы, Қоғам ауылдық округіндегі «Отырар-Құрал» ЖШС-і алма өсірумен айналысады. Жобаның инвестициялық құны 200 млн. теңгені құрайды. Биыл құрылған серіктестік меншігінде 50 гектар жер болса, оның 12 гектарына 32 мың дана алма ағашының көшеті отырғызылған. Қазіргі таңда, бауда алманың «Ред делишес», «Голден делишес», «Гала», «Гренни смит» сорттары егілген. Ауданда жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан әкіміне қарқынды бау көлемін арттыруды тапсырды.

Арыстанбаб кесенесінің кіре берісін абаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 331 млн. 929 мың теңге қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған. Жоспар бойынша биыл шілде айында пайдалануға берілуі тиіс. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов «Ауыл - ел бесігі» жобасына аясында ауданда атқарылар жобалармен таныстырды. Олардың қатарында аудан орталығын абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары бар. Жобалардың бірі - жаңадан салынып жатқан «Сапар» іскерлік орталығы. Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 798 млн. 844 мың теңге қаржы бағытталып отыр. Бұл нысанның да құрылысы өткен жылы қараша айында басталған. Жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталатын болады. Одан бөлек, облыс әкімі «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болды. Сүт және ет өнімдерін өңдеумен айналысатын мекеме 2015 жылы құрылған. Кооператив тәулігіне 5 тонна сүт, 1 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Жобаның инвестициялық құны 120 млн. теңгені құрайды. Мұнда жалпы саны 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі жұмыс сапарының соңында аудан басшысы Ерлан Айтахановқа елді мекендердің экономикалық-әлеуметтік әлеуетін көтеру мақсатында тиісті шараларды қабылдап, жоспар бойынша іске асыруды жүктеді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Отырардың алмасы-ай!