Қызылкөл демалыс аймағына айналады

Screenshot_12.jpg

Климаты құрғақ болса да Созақтық шаруалар жарап тұр. Мұндағы «Alma resort» серіктестігі сегіз жылдан бері алманың түр-түрін өсіріп келеді. Атап айтқанда 15 гектар аумақта  «Голден делишес», «Ринет семеренко», «Старкенсон» сортты ағаштары жайқалып тұр. Бұл жобаға мемлекеттік бағдарлама арқылы 7,5 млн. теңге қаржы жұмсалған. Алма бауда 15 адам жұмыспен қамтылған. Жақында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған серіктестіктің жұмысымен танысып қайтты. Бауды аралаған өңір басшысы  бақша өнімдерін өндіруді де қолға алу  қажеттігін тапсырды.

Созақтағы Қызылкөл аймағы туризмге сұранып-ақ тұрған мекен. «Мыңжылқы» мәдениет сарайында жалғасқан жиында Өмірзақ Естайұлы осылай деді.  Саяхатшыларды қызықтыру үшін Қызылкөл аймағын жаңғыртып, демалыс аймағы ретінде дамыту қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ жиында аудан әкімі Салыхан Полатов Созақ ауданының экономикалық-әлеуметтік салаларда атқарылған жұмыстармен таныстырды.  «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасы аясында жүзеге асар жастарға арналған жаңа орталық, жол құрылысы мен ауданның абаттандырылуы сынды жобаларды баяндады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қызылкөл демалыс аймағына айналады