Шығыс стилі - Түркістанның басты ерекшелігі

Screenshot_17.jpg

Түрленген, тотыдайын таранған Түркістанда бүгінде құрылыс жұмыстары қыз-қыз қайнауда. Жоспарға сәйкес шаһар заманауи келбетке ие болып, көптеген нысандар, көздің жауын алар ғимараттар бой көтермек. Бұрын-соңды болмаған орталықтар халыққа қызмет көрсететін болады. Қаланың ерекшелігі – көне кент болғасын шығыс стилі сақталатын болады.  

      Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Е.Ахметовтің айтуынша қазіргі таңда әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Оның 11 нысанында жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жылдың соңына дейін  2351 пәтерлік 52 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде, 660 пәтер маусым айында тапсырылады деп күтілуде. 336 пәтер 7-20-25 бағдарламасы аясында тамыз айында пайдалануға берілсе, ал желтоқсан айында 1355 пәтердің құрылысы аяқталмақ. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің ғимараты, басқармалар ғимараты, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, медиа орталығы, стадион, амфитеатр, Ұлы дала елі орталығындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен жасалуда. Осы орайда үй кезегін бөлуді қала әкімшілігі өз қадағалауына алған.