«Менің туым»

Screenshot_11.jpg

Жетісай қаласында Мемлекеттік рәміздері күні аясында «Менің туым» атты акция ұйымдастырылды. Шара барысында жетісайлық жастар қаланың көрікті көшелерінде вело, мото, автошеру өткізіп, мерекенің маңызын айшықтай түсті.

Аталған акцияның мақсаты – өскелең ұрпақты отандық патриотизм мен жоғары азаматтық сабақтастыққа үндеп, қоғамның рухани бірлігін нығайту болатын. Осы үдеден шыға білген акцияға ауданымыздың ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, білім саласының қызметкерлері мен жастар ұйымдарының мүшелері барынша атсалысты. Осылайша жетісайлықтар Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі Қазақстанның өткені мен бүгінін және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі екендігін көрсете білді.

Айта кетейік, Елбасы 1992 жылдың 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойған болатын. Міне, содан бергі 27 жылда 4 маусым күні - ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып есептеліп келеді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Менің туым»