Меруертке баспана сыйлады

Screenshot_13.jpg

Шардара ауданы Қауысбек Тұрысбеков ауылында бір отбасы басапанға қол жеткізді. «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қоры мен мешіт жамағаты бірлесе отырып, үш балалы жалғызбасты ана Меруерт Сағадиеваға үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.

«Тұңғыш Президент  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Алтын ұям» кіші жобасы аясында Меруерттің отбасын баспаналы етіп отырған ауыл мешітінің жамағаты мен «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қорына алғыс айтамыз», - деді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев.

Үш бөлмелі баспанаға ие болған Меруерттің 3 ұлы бар, біреуі Нұр-Сұлтан қаласында медициналық колледжде грантпен оқыса, екіншісі қаладағы №16 колледжде дәнекерлеуші мамандығында оқиды. Кенжесі Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сыныбын тәмамдады. Демеушілер сатып әперген үйдің лентасы қиылып, шашу шашылып болған соң ауыл ақсақалдары бата берді. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы аудан әкімінің атынан баспаналы болған отбасыға сыйлық табыстаса, ауыл имамы Смат Әбдіраманов та мешгіт ұжымының атынан көрімдік берді.

Айта кетейік, «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қоры 2017 жылы ашылған болатын. Қордың төрағасы Ералы Мүсәлиев кәсіпкерлікпен шұғылданады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Меруертке баспана сыйлады