Бір айда 70 ота жасайды

Screenshot_2.jpg

Жетісай орталық ауруханасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.  Бұл құрылғылар халық игілігі үшін пайдаланылынып, науқастарға сапалы қызмет көрсетуге жол ашуда.

Жетісай орталық емханасында бүгінде 180 дәрігер, 758 медбике халыққа қызмет етеді. Олардың мақсаты  аудан халқының жағдайын жақсартып, медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру. Ауруханада науқастарға нақты диагноз қойып, 36 түрлі зерттеу жасайтын жаңа заманауи жабдық  іске қосылған. «Мамыр айында ауруханамызға  тосах 360 деп аталатын имунафлурасент анализаторы алынған болатын. Бұл анализатор 15-30 минуттың ішінде 36 анализдерді жасап береді»,- дейді зертхана бөлімінің меңгерушісі Ғалия Жұматова.

Облыс бойынша алғаш рет 2017 жылы Жетісай ауданыңда инсульт орталығы іске қосылған еді. Мұнда келген әрбір науқасқа мультидисциплинарлы топ шұғыл көмек көрсетеді. Ситуациялық орынға тіркеліп, барлық ақпараттар сақталады. Ана мен бала денсаулығын жақсарту ісі қарқынды. Арнайы құрылған виртуальды штаб бала өлімін болдырмау үшін жұмыс істейді.

Мекеменің ақ халаттылары бір айда 70 операцияға дейін жасайды.  

Бұл атқарылып жатқан жұмыстар халықтың денсаулығын жақсартып, түрлі аурулардың алдын алуға оң қадам. Аудан тұрғындары да аурухана қызметіне дән риза екенін айтады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Бір айда 70 ота жасайды