Спортпен тегін айналысады

gol.jpg

Жазғы демалыс уақытында балалардың уақытын тиімді падалану маңызды. Әсіресе оларды спортқа баулып, салуатты өмірге бейімдеу аса қажет. Осы мақсатта жақында Сайрам ауданы Қарасу елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған «Қарасу» спорт клубы іске қосылды. Онда жазғы демалыста жүрген оқушыларға спорттың 8 түрінен тегін жаттығуға мүмкіндік берілген. 

Қазіргі таңда заманауи үлгіде жабдықталған ашық футбол алаңы мен ойын, күрес және бокс залдарына 600-ге жуық оқушы барып жүр. Балаларға киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер де қарастырылған. 

Айта кетейік, бүгінде мұнда 40 адам еңбек етуде. Соның 20-сы жаттықтырушы. Аталмыш спорт клубының директоры Шыңғыс Ерсінбек алдағы уақытта тағы да 300 орынды қосымша спорт нысанын тұрғызу жоспарланғанын жеткізді. Бұйыртса онда шахмат және би үйірмелері жұмыс істейтін болады.

   Мамандар алдағы уақытта ауданда балаларды салауатты өмірге баулитын осындай орталықтар көптеп ашылатын болады дейді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Спортпен тегін айналысады