Шалғайдағы аурухананың толағай жетістігі көп
Түркістан облысында Қоғамдық денсаулық басқармасы жариялаған медициналық ұйымдар арасында жарияланған байқаудың 2019 жылғы жеңімпазы Шардара аудандық орталық ауруханасы «Үздік аурухана» атанды. Аталған номинацияны таяуда ғана аталып өткен Медицина қызметкерлерінің күні мерекесіне арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаевтың өзі арнайы келіп тапсырды. Шалғайда болса да ынтымағы ұйыған ұжымымен үздік аурухана екенін мойындатқан емдеу мекемесінде бүгінде тындырымды тірлік көп. Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрғали Молдахановтың айтуынша ауданда туберкулез бойынша аурушаңдық 2018 жылдың 5 айында 22 адам тiркелсе, 2019 жылдың 5 айында 17 болып кемiген. Ал жалпы өлiм-жiтiм 2018 жылдың 5 айы бойынша 128 болса, 2019 жылдың 5 айлығында 126 болып, 2 адамға кемген. Бiр қуанарлығы 2018 жылдың басынан қазiрге дейiн ауруханада ана өлiмi тiркелмепті. Мамандардың айтуынша қан айналым бойынша аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда едәуiр төмендеген. Ал, онкологиялық аурулар бойынша тиiстi деңгейдегi емдеу шараларының арқасында тiркелген адамдардың көрсеткiшi кемiп отыр.
Шардара облыстағы шекара шебіндегі шалғайдағы аудан. Солай бола тұрса да өзін мойындатқан ауруханада таяуда еліміздің барлық облыстық емдеу мекемелерінің дәрiгерлерi қатысқан «Ана мен бала өлiмiн төмендету» бағдарламасы бойынша «Сыр самалында» республикалық конференциясы өттi. Конференцияға еліміздің өңірінен 125-ке жуық дәрiгер мен акушер-гинеколог қатысты. Жиында облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егiзбаев бiздiң ауруханада атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берiп, шардаралық дәрiгерлердiң еңбегiне үлкен қолдау көрсеттi. Аталған конференцияның екінші күнінде облысқа іссапармен келген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева арнайы ат басын бұрды. Вице-министр аудандық ауруханада дәрігерлердің республикалық тәжірибе алмасу конференциясын өткізудің үлкен жетістік екенін атап айтты.