Ауылда маман жеткілікті

Screenshot_3.jpg

Ауылды жерлерге ақ халаттыларды жұмысқа тарту бүгінде өзекті мәселенің бірі. Осы орайда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Шарадараға жас медицина мамандары тартылуда. Атап айтқанда  Қоссейiт, Ұзыната, Алатау батыр, Қызылқұм және Ақалтын ауылдық округтерiне жалпы тәжiрибелi дәрiгерлер келген. Аталған ауылдарға орналастырылған мамандар әлеуметтiк пакет көмегін алған. Мамандардың мәліметінше әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріліпті. Мұндай қаржылай көлемде қолдау елімізде тек Түркістан облысында жүзеге асып отырғанын атап өткен жөн. Қоғамдық денсаулық басқармасы басшылығының табандылығының арқасында ауылдарға баратын мамандарға берілетін қайтарымсыз қаржы биыл облыс әкімі Ө.Шөкеевтің қолдауымен, облыстық мәслихаттың шешімімен 1,5 миллион теңгеге көбейген. Батысы – ауданға келген мамандардың барлығы баспанамен қамтамасыз етiлген.

Одан бөлек қаладағы сырттан келген 7 дәрiгер аудан әкiмдiгiнiң қолдауымен қызметтiк пәтерлерле жайғастырылған. Қазiргi таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Түркiстан, Шымкент секiлдi қалалар мен көршi аудандардан  хирург, акушер-гинеколог және педиатр мамандықтары бойынша дәрiгерлер келiп, Шардара аудандық орталық ауруханасында қызмет атқаруда.

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ауылда маман жеткілікті