Фотоөнер – туризмді дамытады

Screenshot_12.jpg

Фотоөнерді үйренемін деушілерге Түркістан қаласында мүмкіндік көп. Себебі руханият пен мәдениеттің ордасына айналған шаһарда таяуда »  «TÚRKІSTAN» фотоөнер орталығы ашылды. Жастарға берері мол орталық «Жастар ресурстық орталығының» ішінен құрылды.   Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен қолға алынған бұл орталықта еліміздегі белгілі фотограф, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы жастарға дәріс оқып, мамандықтың қыр-сырын үйретеді. «Түркістанды түлету – перзенттік парызым. Туған жеріме қайта оралып, осында шәкірт тәрбиелеу жөнінде шешім қабылдадым. Жаңа тынысы ашылған Түркістанның дамуына өз біліміммен, тәжірибеммен үлес қосқым келеді», – дейді фотограф. Түрлі тақырыптарда фотоэкспедициялар ұйымдастырып, өңірдегі туризмді дамыту ісін насихаттайтын орталық ХҚТУ-мен тікелей жұмыс істейді.   Аталған орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  арнайы қатысты. 

   Алдымен қонақтар «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция мүшелерінің түсірген суреттерін тамашалады.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған фотоэкспедиция өз мәресіне жетті. Бір апта бойы өңірдің киелі және туристік орындарын түсірген  экспедиция мүшелерінің 40-қа жуық суреті қойылды. Олардың ішінде Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындары, табиғаты тамаша мекендер мен халықтың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін суреттер бар.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Фотоөнер – туризмді дамытады