Шығыс базары – қаланың көркіне айналады

Screenshot_19.jpg

Түркістанда Шығыс базары туристік жобасы іске асырылмақ.  Саттарханов көшесінен Қол өнер шеберлері орталығына дейн  орналасатын жобаға 16 гектар жер телімі белгіленген. Жоба авторларының айтуынша  мұнда  5 түрлі базар - Қытай, Үнді, Иран Туркия және тағы басқа базар түрлері қарастырылған. Жалпы ұзындығы 800 метр 40 мың шаршы метрлік сауда қатары, 30 мың шаршы метрлік  50 тамақтану орны және  30 мың шаршы метрлік хостелден 5 жұлдызды қонақ үйлерге дейін салынады. Мәселен «Rixos» қонақ үйінің құрылысы жүргізілуде.  Аталған жоба толықтай жеке инвестиция есебінен іске қосылады. «Түркістан-Самарқанд» теміржол бағытында жоғары жылдамдықтағы пойыз жобасы да қолға алынуда.  Қолданыстағы «Түркістан-Арыс-Сарыағаш-Өзбекстан шекарасына дейін» теміржол желісі қайта құрылады. Бұл жоба бойынша өңірімізге Өзбекстаннан келетін туристердің саны алғашқы жылдың өзінде 350 мың адамды құрап, билет пен өзгеде қызметтерден 8,7 миллиард тенге бюджетке түсім түседі деп күтілуде.

Айта кетейік, өткен  жылы Түркістанға келген туристердің саны  152 124 адамды құрады.