Отбасы құндылықтарын дәріптеді

Screenshot_15.jpg

Бәйдібек ауданындағы ауыл әкімдіктерінде «Отанға сүйіспеншілік отбасынан басталады» атты тақырыпта кездесулер өткізілді. Тәрбиесі мол жиынды «Домалақ ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырды. Кездесулер барысында әжелер жас келіндерге кешегі күндерден сыр шертетін естеліктер айтып берді. 

Сонымен қатар, ауданда аталмыш қоғамдық бірлестік төрайымының орынбасары Құрманқұл Қосуахова мен аудандық орталық кітапхана басшысы Айгүл Молдабекованың бастамасымен «Отбасы – Отанның ошағы» атты тақырыпта акция өткізілді. Акцияға Шаян ауылдық әжелер алқасының төрайымы Әтір Әлиева мен мүшелері Фатима Керімбекова, Сайлаукүл Андақұлова, зейнеткер ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, көп балалы ана Айсұлу Әбубәкірова үлкен үлес қосты. 

«Ырысы мол, өрісі кең тәрбие – отбасынан басталар» атты тақырыптағы семинардың да жас отбасыларға берері көп болды. Онда үлгілі отбасы мүшелері «Кеусен»,  «Бармағын жаласын», «Мойнына бұршақ салу» «Қап қағар» секілді ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртты.  

Жиын соңында қатысушылар «Отбасы – Отанның ошағы» атты тақырыптағы кітап көрмесін тамашалады. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Отбасы құндылықтарын дәріптеді