Радиологтар бас қосты
Түркістан қалалық орталық ауруханасында «Радиология саласының өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ауқымды шараны Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы ұйымдастырды.
Жиынды медицина ғылымдарының докторы, ҚР радиология қоғамының президенті, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі Тайрхан Даутов жүргізді. Басқосуға Түркістан облысының аудан-қалаларынан және Шымкент қаласынан радиология саласының мамандары қатысты.
Түркістан облысындағы жаңадан сатып алынған, соңғы үлгідегі Компьютерлі томографияда шеберлік сабағы көрсетілді. Бас-ми қан айналым бұзылыстары, кеуде қуысы, іш қуысы сырқаттары бар науқастарға компьютерлі томографияда тегін диагностика жасап, кеңестер берді. Дәрігерлерге еліміздегі ең соңғы үлгідегі жаңа компьютерлік томография аппаратымен жұмыс істеудің екрекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылды. Қазақстанда ғана емес, әлемдегі ең озық технологияның бір – Aquilion 84 Prime SP маркалы компьютерлі томография Жапония елінде жасалған. Медициналық қондырғы адам азғасын аз ғана уақытта толық тексеріп, диагнозды дәл анықтауға көмектеседі. Бір мезетте 160 кескінді сурет бере алады.
Ақ халаттылар тәжірибе алмасу басқосында білімдерін толықтырып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауаптарын алды. Конференция соңында мамандарға арнайы сертификаттар табыс етілді.