Түркістанда қуырылған балмұздақ жасалуда

Screenshot_3.jpg

Тың жобаны қала тұрғыны Гүлбахар Жекеева жүзеге асыруда. Кәсіпкер ханымның үш жыл бойы ойланып, қолға алған бастамасы бүгінде үлкен табыс көзіне айналып отыр.

Бұдан алдын медбике болып қызмет атқарған Гүлбахар жеке кәсіп бастауда армандағанынанда біршама уақыт болған. Әртүрлі бизнес жоспарларды жасап көрген ол, ең дұрыс жоба деп қуырылған балмұздақ бизнесіне тоқтапты.  

Содан ізденіп, білім алу керек деп шешім қабылдайды. Қызылорда қаласына барып, дәл осындай кәсіп иелерінен тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып келген.

-              Қалаға келген соң, кәсіпкерлер палатасы Түркістан қалалық филиалының көмегімен «Бастау бизнес» жобасы бойынша тегін курс оқып, бизнес жобамды ұсындым. Бір ай бойы сала мамандары кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретіп, өз жобамды қорғап шықтым. Осылайша мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бөлінетін 240 мың теңгені құрайтын грантқа ие болдым. Бұл қаражат кәсібімді бастауға жеткілікті болды - дейді жеке кәсіпкер Гүлбахар Абатқызы.

Қайтарымсыз алған қаржысының 200 мың теңгесіне қуырылған балмұздақ жасайтын апарата сатып алған. Қалған қаржы қажетті өнімдерге жұмсалыпты.

Қазір кәсіптің  көзін тапқан келіншек «бизнес леди» атанып отыр. Табысы да жақсы. Ең бастысы  таңсық дүниеге қызығушылық танытқандардың қатары күн санап артып келеді.