Түркістанда POS терминалдар шығады
Қазақстан бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған жобаның басты үйлестірушісі «Нұрлы НазАЙ».
Мұнда көп функционалды терминалдарды құрастырылады. Отандық өнім арқылы барлық банк карточкаларымен кез-келген қызмет түрін көрсетуге мүмкіндігі бар.
Үлкен және кіші терминалдың бағдарламасын «SILK WAY» университетінің ғалымдары ойлап тапқан. Жоба 2017 жылы «Ғылым қоры» ұйымдастырған конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды. Құны 297 млн теңгені құрайтын жобаны, Түркістандық кәсіпкер іске асыруда.
Өндіріс орнында 20 – ға жуық адам қызмет атқаруда. Баршасыда тәжірибелі мамандар.
-Пост терминал сатып шығарудан, сервистік қызмет көрсетуде көбірек пайда түседі. Ішкі құрылымдарын шығару жоспарда бар. Біз қазір ішкі құрылымдарын сатып аламыз. Ол Қазір Қазақстанда қымбатқа түсіп жатыр. Бірақ өзіміз шығаруды жоспарлап отырмыз – дейді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ғылыми жобаның жетекшісі Нұрлыбек Жұматаев.
Кәсіпорын күніне 20 терминалды жасап шығаруға қауқарлы.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәсілі біздің елде енді-енді қолға алына бастады. Ал дамыған мемлекеттерде бұл үйреншікті әдетке айналған. Тіпті, шетелде қазір такси, автотұрақ, қоғамдық көлік қызметін пайдаланғаны үшін де төлем карточкаларымен есеп айырысуға болады. Шағын әрі ыңғайлы құрылғылар кез-келген жерде жарамды көрінеді.
Болашақта ғылыми жоба жанданып, еліміздің салық және басқа бюджет кірістерін арттыруға сеп болмақ.