Кім қанша төлейді?

20180604165926-768x512.jpg

БЖТ төрт міндетті төлемді – жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жасалатын төлемді біріктіреді. Бұл төлем жүйесі жеке қосалқы шаруашылық жұмысшыларына, отбасылық кәсіптің ақы төленбейтін жұмысшыларына және жұмысшылары жоқ кәсіпкерлерге арналған. Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтыған Шымкент тұрғындары бірыңғай жиынтық төлем арқылы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыса алады.

Республикалық маңызы бар қала тұрғындары шымкенттіктер үшін БЖТ көлемі 1 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең. Биыл 1 АЕК мөлшері 2525 теңге болып бекітілді.

Биылғы жарна көлемі қандай? 2019 жылы шымкенттік жұмыс берушілер қызметкер табысының 1,5 пайызы көлемінде медициналық сақтандыру жарнасын өз қаражатынан төлейді. Төлем бойынша бірқатар шектеулер бар: егер қызметкер ең төменгі жалақыдан 10 есе және одан да көп еңбекақы алса, жарна ең төменгі жалақының 10 есе көлемі бойынша ғана төленеді.

2020 жылдан бастап, жұмыс берушілер мен өзге азаматтар қанша теңге төлейді? Шымкенттік жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жарна төлеуді жалғастырады және жұмыс беруші есебінен 2 пайыз және қызметкер қаражатынан 1 пайыз аударады. Жеке кәсіпкерлер өзі үшін ең төменгі жалақының 1,4 еселенген көлемінің 5 пайызын төлейді. Ал мемлекет 2020 жылдан бастап, азаматтардың 13 санаты үшін жарна төлей бастайды. Бұл балалар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, көпбалалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, жүктілік демалыстағы аналар, мүгедектер мен мүгедек-балаларға қарайтын тұрғындар, тіркелген жұмыссыздар, интернат тәрбиеленушілері, студенттер, қамаудағы адамдар және жұмыс істемейтін оралмандар.

Медициналық сақтандыру қорына өздігінен жарна төлеп жүргендер, яғни ресми тіркеуі жоқ тұлғалар 2020 жылдан бастап, ай сайын ең төменгі жалақының 5 пайызын төлеп отырады. Медициналық сақтандыру қорына түскен барлық қаражат Шымкенттің емдеу мекемелері көрсететін медициналық қызметтердің төлеміне жұмсалады.

Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кім қанша төлейді?