Түркістанда түйе сүті өңделуде

1a615065547a0ab54083ad96f35c4581.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы арнайы іске қосқан Түркістанда «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» зауыты бүгінде Қазақстандағы теңдесі жоқ кәсіпорынға айналып отыр.

Мұнда бие мен түйе сүтін ұнтақ күйіне айналдырады. Қаржылай қолдауды Қытай тарапы білдірген.

«Біздің кәсіпорын түйе және бие сүтін ұнтақ күйінде өндіретін еліміздегі бірегей жоба. Өнімнің 90 пайызы шетелге экспортталатын болады. Жоба Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басын көбейтіп, түйе шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Біздің жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді серіктестіктің дәлелі, – деген болатын зауыт директоры Янг Джи телекөпірде.

«Golden camel group LTD» ЖШС-гі – қытайлықтардың еншісіндегі компания. Кәсіпкерлікке қолайлы аймақ ретінде Түркістан қаласы таңдалған. Оның ең бірінші себебі – қасиетті мекенде түйенің көп өсірілетіні. Қазір инвесторларға жергілікті билік тарапынан мейлінше қолдау көрсетілуде.

Ұнтақталған қымыз бен қымыранның сақталу мерзімі 2 жылға дейін созылады. Зауыт басшылығы бір тәулікте мың тоннаға дейін өнім өндіруді жоспарлап отыр. Бұл ең алдымен, түркістандық шаруалар үшін қолайлы болмақ.

«Golden camel group LTD» ЖШС-нің жоспары ауқымды. Тек ұнтақталған қымыз бен қымыран өндіріп қана қоймайды. Ұлттық сусындарымызды соңғы процеске дейін өңдеп, косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химиялық сұйықтықтар шығармақ.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түркістанда түйе сүті өңделуде