Кәсіпкерлер қағазбастылықтан арылды

8e6403ecbeb772d7a67dc8c17cb180da.jpg

Шағын және орта бизнес субьектілердің біршама уақытын үнемдеп, қағаз бастылықтан босату үшін 2019 жылдың 3 сәуірдегі «Арнайы экономикалық аймақ және Индустриалды аймақтар» туралы ҚР Заңына сай «Жер кодексіне» өзгерістер енгізілген болатын. Осыған байланысты Түркістан қаласындағы  индустриалды аймақтағы бос жер телімдері берілуде. Оған қатысушылар жер телімдерін жалға келісім шарт арқылы алатын болады.Бұрыңғы тәртіпке сай арнайы құжаттар талап етілмейді.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басымды бағытының  бірі – өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру, сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру еді. Көлік инфрақұрылымын басқару, қызмет көрсету және әкімшілік кедергілерді жоюдың да маңызы ерекше. Осы мақсатта    сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Орталықтың инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына 237 млн.теңге бөлінген. Инженерлік инфрақұрылым жүйелерін орнатуға қалалық әкімдік көмек береді. Осы күнге дейін сауда-логистикалық орталықта 2 жоба орналасқан.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кәсіпкерлер қағазбастылықтан арылды