Кәсіпке қолдау мол

71abed2612ed6949715a21c8c6c3a2cd.jpg

Бүгінде облыс орталығы Түркістанда кәсіпкерлікпен айналысып, шаруамды ширатам деушілерге мол мүмкіндік бар. Оның үстіне, мемлекет, қала әкімдігі тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде. Кәсіпкерлер қатарының арта түсуі де көп жәйтті аңғартады.

Нақтырақ айтсақ, 2019 жылдың сәуір айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 11 065 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 10 794 немесе 97,6 пайызды құраған. Жұмыспен қамтылған адам саны 25 884  және өнiм көлемi  24,4 млрд. теңге, бюджетке төленген салық көлемі 292,8 млн.теңге болған. Кәсіпкерлерді төмендетілген пайызбен несиелендіру бойынша 2019 жылдың 4  айында «Оңтүстік» АИО» ЖШС арқылы 9,5 млн.теңгені құрайтын 1 жоба, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 306,7 млн.теңгені құрайтын 51 жоба қаржыландырылған.  Ал «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша12 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясында    субсидиялау және  кепілдендіру бойынша  «Қарапайым экономика заттары» жобалық офиске Түркістан қаласынан 23 жоба ұсынылған. Оның:  5- туризм, 5- тамақ өндіру, 2- жеңіл өнеркәсіп, 1  жиһаз жасау, 1 жоба білім саласы және 9 жоба ауыл шаруашылық саласындағы жобалар. Олардың ішінен туризм бағытындағы  «Түркістан Нұры» ЖШС- ның  қонақ үйі құрылысы жобасының құжаттары  «Цесна банктің» қарауына  жолданыпты. Қажетті инфрақұрылыммен жыл басынан 9 жоба қамтамасыз етілген.  Жалпы құны 5410,0 млн. теңгені құрайтын жобалар 670 жаңа жұмыс орнын ашып,  қаланың өнеркәсіп саласындағы өнім көлеміне 4700,0 млн. теңгеге үлес қосады деп жоспарланып отыр. Одан бөлек, қаладағы сауда логистика қызметінен табыс көлемін ұлғайту және баға тұрақтандыру мен экспорттау мәселелеріне септігін тигізетін сауда логистика орталығына инвестициялық жобаларды тарту үшін «Түркістан» ӘКК» АҚ ның басқаруына жер телімі берілуде.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кәсіпке қолдау мол