Туристер құжырада дем алып, кітапханада білім көкжиегін кеңейтеді
Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Және бұрынғы көне ғимараттарды, нысандарды жаңғыртуда. Бұл жаңғыртудан – жарты ғасыр бұрын салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі де өтті. Бүгінде кесене ішінде бірнеше бөлме қайта жаңарды. Әсіресе, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан туристерге лайықты деңгейде қызмет көрсетілетін болады. Аптап ыстықта шаршаған турист ең бірінше кезекте салқын жер іздері белгілі. Кесене ішінде арнайы құжыра бөлмесі пайдалануға берілген. Сап-салқын құжыра бөлмесінде ыстық ауа-райынан қажыған турист дем ала алады. Мұнда оған барлық мүмкіндік қарастырылған. Олар ыңғайлы орындыққа отырып, құжырадағы теледидардан Түркістан қаласының туристік әлеуетін паш ететін деректі фильмдер мен анимациялық фиьмдерді тамашалай алады. Бұл әсіресе балаларға өте жақсы мүмкіндік. Туристердің балалары кішкентайынан санасыңа қаланың тыныс-тіршілігі жөнінде мағлұматтарды санасына сіңіреді.
Сонымен қатар, құжыра бөлмесіне жапсарлас орналасқан мешіт пен кітапханада діни сауаттарын аша алады. Кіші мешітте мұсылмандық парызды өтеуге мүмкіндік бар. Бұл әсіресе Ислам дінін ұстанып, бес парызын өтеп жүрген туристерге өте ыңғайлы. Олар парызын өтеуге арналған жер іздеп әуре болмайды. Кесене ішінде барлық жағдай жасалған.
Ал, кітапханада білімін жетілдіруге
мүмкіндік мол. Мұнда ежелгі Түркістан қаласынын тарихынан сыр шертетін
бірнеше кітап бар. Туристер кітаптарды парақтай отырып, қала тарихымен
таныса алады. Осылайша, туристер 3 бөлмеден жан-жақты мәлімет алып,
кесене тарихымен сусындайды. Таным көкжиегі кеңейеді. Нәтижесінде
туристер кесенеден жоғары көңіл-күймен шығады.