Сүт безі обырын алдын-алған тиімді

Screenshot_22.jpg

Сүт безі обыры әйелдердегі қатерлі ісіктің жалпы құрылымында І орын алады. Сүт безі обыры анықталған әрбір үшінші әйел диагноз қойылған сәттен бастап бір жыл ішінде өмірден озады.

Адамның басқа да ағзалары сияқты сүт безі тіндері жасушалардың көптеген түрлерінен қалыптасқан. Бұл жасушалардың өмір кезеңі әртүрлі, бірақ сау организмде олар қаншалықты жойылса, соншалықты пайда болады, және бұл процесс гормондардың, өсу факторларының және өзге де ретке келтіру жүйелерінің қатаң бақылауында болады. Алайда әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен реттелу жүйесі бұзылуы мүмкін, ол кезде қатерсіз және қатерлі ісіктер пайда болады.

Сүт безінің қатерсіз ісігін көптеген жағдайда алып тастауға болады, әрі олар дәл сол жерде қайтадан пайда болмайды, дененің басқа бөліктеріне тарамайды және өмірге қауіп төндірмейді.

Сүт безінің қатерлі ісігінде обыр жасушалары жақын орналасқан сау жасушаға тарап, оны да зақымдауы мүмкін. Олар қантамырлары мен лимфатамырларға және қан тогына өтеді немесе лимфалар өзге ағзаларға шапшаң тарайды. Сүт безі обырының басқа ағзаларға таралу процесі барысында екінші реттік ісіктер пайда болады, олар метастаздану, ал екінші реттік ісіктер – метастаздар деп аталады. Сүт безі обырымен кез келген әйел ауруы мүмкін, алайда кейбірінде ісіктердің пайда болу қатері төмен, ал кейбірінде - жоғары. Бұл қатерден еркектер де аулақ емес, алайда сүт безі обырымен ауыратын барлық пациенттердің 99% - әйелдер.

Жоғары қатерлі топтарға ең алдымен белгілі бір генетикалық және фенотиптік факторлармен байланысы бар тұлғалар жатады, ең бастысы – бұл өмір сүру стилінің ерекшелігі.

Сүт безі обыры ауруының қатерін арттыратын кейбір факторлар, төмендегілер:

·         жасы (40 жастан жоғары) тұқымқуалаушылық және отбасылық бейімділік (анасы немесе әпкелері сүт безі обырымен ауырған әйелдердің осы аурумен ауыру мүмкіндігі жоғары), кешігіп келген менопауза, етеккірдің ерте келуі (12 жасқа дейін)

·         30 жастан асқанда тұңғыш баласын дүниеге әкелу, жүктілікті үзу

·         ешқашан тумаған әйелдердегі фиброзды-кистозды мастопатия және сүт безінің басқа да пролиферативті аурулары, семіздік (қалыпты салмақтың 40% жоғары)

·         қант диабеті, гипертония ауруы, жүйелі түрде шылым шегу және ішімдік ішу.

Ерте анықтау – бұл сүт безі обырынан қорғанудың ең үздік әдісі. Бұл ауруға ерте диагностика жасалған сайын толық жазылуға мүмкіндік жоғары болады. Мынаны айтып өткен орынды, сүт безі обырының бірінші сатысында емдеу (ісік сүт безінің ішінде, көлемі 2 см дейін, айналасындағы сау тіндерге тарамаған, метостаз жоқ) 95% әйелдердің емделіп кетуіне мүмкіндік береді. 

Сүт безі обырына ерте диагностика жасаудың келесі маңызды сәті маммография болып табылады. Маммография – бұл сүт безіне рентгенография жасау. Әдетте екі сүт безіне 2 рентген-сурет жасалады – бірі жоғарыдан, екіншісі жанынан. Маммография сүт безі ісігін көрінбей тұрып анықтауға мүмкіндік береді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сүт безі обырын алдын-алған тиімді