Шардарада жастардың марафон-эстафетасы бастау алды



 67150054_885559271808803_615366490215940096_o.jpg


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынған жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз!» облыстық марафон эстафетасының туын 2019 жылғы 17 шілде күні Төле би ауданынан Шардара ауданы қабылдап алған болатын.  18 шілде күні Шардара қаласы «Абай»алаңында аудан жастарының қатысуымен «Адал жолды таңдаймыз!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Іс-шараға аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг топ, лекторлық топ мүшелері жəне Шардара қаласының жастары қатысты. Аталған іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев іс-шараның маңыздылығына тоқтала келе, жастарға сыбайлас жемқорлықтан бойларын аулақ ұстауға шақырды. Шара барысында «Адал жолды таңдаймыз!» облыстық марафон эстафетасын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырылып, 500-ге жуық жас қамтылды.


Аталған іс-шара Түркістан облысының өзге де аудан, қалаларында жалғасатын болады.