Жаскешудегі жарқын кеш
-Мəдениет ошағы - адам жүрегі жан шуағын құя білетін басты ошақ. Сондай мəдени ошақтардың бірі –Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылдық мəдениет үйі. Шілденің шіліңгір ыстығына қарамай, өз ісіне деген махаббатпен, өнерге деген шексіз сүйіспеншілікпен Жаскешу ауылдық мəдениет үйі қызметкерлері мен Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты "Көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін кітапханасымен" бірлесіп, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "2019 - Жастар жылы" деп жариялауына орай əрі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатымен "Үміт керуені" атты əдеби-мəдени кеш ұйымдастырды,-деп хабарлайды Түлкібас аудандық жастар орталығы.
-"Үміт - адамның бағы, үміт-жүректің тағы" деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзінен белгілі. Ал, арманын аялап, үмітін саялап жүрген тағдырлы жандарға рухани қолдау көрсету - қоғамдағы барша адамның қасиетті парызы екені рас.
Өнер адамның кісілігі - бір жүрекке жылу төгіп, бір жанның болсын қайғысын жеңілдете алуы болса, əрбір қол соққан тыңдарманның алғысын арқалауы - шын бақыт. Ертеде, Л.Толстой: " Өнерлінің бағасы - жаны жаралы жанды жұбата білуінен" деген.
Өнер - қараңғыдан жарыққа талпындырар құдірет. Өнер -ізгіліктің негізі. Өнер - қасіретті жеңуші. Бүгінгі кешке өнермен тағдырдың сынағына мойымаған жандар жиылды. Солардың бірі - Аймұратова Үрпия. Əуезді əнін шырқаған тұста өнеріне қол соқпаған адам қалмады. Ол шырқаған əн - "Дүние - жалған Əр сөзі өз тағдырының жайын толғап тұрғандай əсер етіп, көпшілікке өмірді сүюді үндегендей болды.
Əлемге тірлік кешкен əрбір адам - нəркез үмітке иек артады. Үміттенеді. Келер күнге мақсат қояды. Мақсатқа қарай қадам басу үшін де рухың мықты болмағы керек. Рух - сөз бен саздан дариды. Осы орайда, Жаскешу ауылдық мəдениет үйінің қызметкерлері жиналған көпшіліктің рухына қозғау сап, мейірімді болуына ой салып, əні мен сазымен қарекет етті. Атап айтсақ, Қалтаева Лəззат, Жұбақова Əсел өз өнерлерінен шашу шашты.
"Жаны мейірге тұнған жастың сөзі - дерттіге шипа, қартқа қуат" деген Хафиз бабамыздың өнегесін ескере жүретін аудандық "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанаты ұйымының жетекшісі - Әдиат Ердәулет пен Жаскешу ауылдық округінің əкімі - Жəнібек Маратұлы кештің қортынды ойын түйіндеп, арнайы алғыс хаттармен марапаттап, азын аулақ сый ұсынды.
"Істің ұйтқысы болса, ілкімді тірлік тынбақ" деген қазақта есті бір сөз бар. Бұл сөз - Гүлзат Исламовнаға арнап айтылғандай əсер етеді. Ол - білікті басшы. Жаста болса, жақсы істерге ұмтылатын бір жанның мəдениет ошағында қызмет жасауы - талай игі істердің бағдаршамы болары анық.