Түлектердің туған жерге тартуы

67829550_1071341619922796_624689726049222656_o.jpg

Қасиетті Түлкібас ауданынан түлеп ұшқан біршама азаматтар туған жерлерінде бас қосты. «Батыс Европа- Батыс Қытай» автодәлізі бойында орын тепкен қоғам қайраткері Т.Рысқұлов ескерткішінің алдында ат басын бұрып келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді. Жиналған қауым белгілі қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Содан соң, келген қонақтар Түлкібас кентіндегі мұсылман қауымының қасиетті «Құрбан айт» мерекесіне орай жаңа мешіттің ашылу салтанатты рәсіміне қатысты. 
Аталмыш мешіт Түлкібас ауданының тумасы Айтбай Қайрат Орынбайұлының және аудан тұрғындарының демеушілігімен соғылып отыр.
Қасиетті ғимараттың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы мұсылмандар діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Мұсабек Ақтамберді, әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, аудандық мәслихаттаң хатшысы С.Сейсенбаев және Түлкібас кентінің биі Б.Сарыбаев алғы сөз сөйлеп, халық игілігіне беріліп отырған қасиетті мекеннің иманжүзді азаматтар тәрбиелейтін орталық болуына тілектес екендіктерін білдірді.
Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев кіндік қаны тамған, туған жеріне, игілігті іс жасап жатқан Айтбай Қайрат Орынбайұлына облыс әкімдігі тарапынан жолданған алғыс хатты табыс етті.

 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түлектердің туған жерге тартуы