Шығынның жартысын мемлекет субсидиялайды

67803619_2145987105701590_8052530322371248128_n.jpg


Кентау қаласында 2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі, қалаға қарасты Жүйнек ауылында модульді мал сою алаңы құрылды.
Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құны 11 миллион теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалықтың атауы "НұрФархат". Төрағасы Фархат Абдуллаев:

-Тұрғындарға хабарлап жатырмыз. Мұнда мал союға барлық дайындықтар жасалынған. Бұл жерде мал дәрігері, екі қасап және лаборатория қызмет жасайды. Жалпы 5 адам бар. Малды союға дейін анықтап, оның сау не ауру екенін тексеріп барып союға р

Сонымен қатар, малдәрігер әрбір келген малды тізімге алып, егесінінің аты-жөнін компьютерге енгізіп отырады. Бұл жоба қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті. Бекеттің ішінде арнайы сойылған малды сақтауға арналған тоңазытқыш бар. Тіпті мал сою алаңында, малдарын алдын ала әкеліп қоятын қора-жайға дейін жасалынған. Шаруақожалық жетекшісінің айтуынша 11 миллион теңгенің  5,5 миллионын, яғни жартысын мемлекет субсидияласа, қалғанын өзі өтейді. Бұл мемлекеттің арнайы шаруаларды қолдауға арналған бағыты.Заманауи үлгідегі мал сою алаңы ірі қара малдарды есептегенде, күніне 30 шақты малды союға қауқарлы.