Мақсат -сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
-Қазіргі
таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз
құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді
алаңдатады.,-деп хабарлайды Шардара ауданы Жастар орталығы. -Бұл
мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына,
ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Осы тұрғыда жастар мен жасөспірімдерге Отанға деген махаббат және оны
қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты
құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіру, рухани
мәдениетін және олардың бойынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы «иммунитетті»
қалыптастыру мақсатында 13 тамыз күні Шарадара ауданы Қ.Тұрысбеков
ауылдық округінде «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты ашық есік
күні мен Көксу ауылдық округінде жасөспірім балалардың қатысуымен
«Мәдениет пен өркениет» атты кездесу өткізілді.
«Жастар жылында» жастардың бойындағы отаншылдық сезімді қалыптастыратын, жас ұрпақты адалдыққа, тазалыққа, мейірімділік аен жанашырлыққа тәрбилейтін шаралар жалғасын табуда.