Жемқорлыққа қарсы шаралар өтуде
Қоғамда
жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру
мақсатында Түркістан облысының қала, аудандарда, ауылдық округтерде
түрлі форматтағы шараларды ұйымдастыру жоспарланған.
Осыған орай, Сарыағаш ауданы Әлімтау, Жарты төбе, Жемісті ауылдық округтерінде әлеуметтік мәселе бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы уақытта, аталған
іс-шаралар түрлі форматта (Кәсіпкерлермен кездесу (дөңгелек үстел),
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған
халықтың мақсатты топтарымен кешенді іс-шаралар өткізу, ашық есік күні,
өзекті мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізу) Сарыағаш ауданындағы
қалған ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.