«Жастар жылында» «Жастар аллеясы» салынуда

69335625_10217412311492864_3382692413851041792_n.jpg

-- «Жастар» жылына орай Түркістан облысы Түлкібас  ауданында жастардың көтерген меселелерін қолдау мақсатында ауқымды шаралар іске асуда. Солардың бірі «Жастар аллеясы». Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен «Жастар жалыны» атты жастар форумында ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын,-деп хабарлады Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бүгінгі таңда аудан жастарының көтерген мәселесі назардан тыс қалмай, аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бастамасымен іске асуда.

Жастардың өздерінің ұсынысында көрсетілген аудандық «Тұңғыш Президент» саябағында бүгінгі күнде «Жастар аллеясының» құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл аллеяда ауданда жаңадан отау құрған жастарымыз, серуендеуге арналған жағдайлардың барлығы жасалынбақ.

Аталмыш нысан ағымдағы жылдың 30 тамыз «Қазақстан Республикасының Конституция» күніне орай ел игілігіне пайдалануға берілу жоспарлануда.

Бұдан бөлек ауданның  Түлкібас кентінде «Рәміздер аллеясы» бой көтеруде. Кент орталығындағы Көбей көшесінің бойынан орын тепкен аталмыш нысан аумағында Мемлекеттік рәміздер алаңымен қатар кент тұрғындарының серуендеп таза ауада демалуына арналған орындар қарастырылмақ. Сондай-ақ, аллея аумағынан кішкентай бүлдіршіндерге де ойын алаңшасы қарастырылған. 

Аллея құрылысы толығымен аяқталғаннан соң, кент көркі одан әрі көркейе түсері анық.