Түлектер сән-салтанаттың орнына қайрымдылық жасауда
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев ұлттық санамызды жаңғырту мақсатында «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жарияланғаны белгілі. Аталмыш бағдарламада «Туған жер» атты арнайы жобасының халыққа берері мол. Осы орайда жобаның «Алтын ұям» атты тармағы аясында Түркістан облысында бірқатар игі шаруалар жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – мектеп түлектерінің 10, 20, 30 жылдық мерейтойларын қайырымды іспен өрнектеу. Яғни, түлектер орынсыз салтанат пен өзге де іс-шаралардан бас тартып, өзі туып-өскен ауылға немесе білім алған мектебіне демеушілік жасайды.
Биыл Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағынауданының 1999 жылы мектеп біріген түлектері бір отбасыға баспана салып берді. Сонымен бірге Бәйдібек ауданында 1982 жылы туған азаматтар аз қамтамасыз етілген отбасыға үй әперіп, бір отбасын үлкен қуанышқа бөледі. Сонымен қатар Шардара, Түлкібас, Төлеби аудандарының түлектері де көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға пәтер сыйлап, сауапқа кенелді.
Қазіргі таңда да облыс аумағында осындай игі істер жалғасып жатыр.