Куар код қызметті жеңілдетеді
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы талай елді-мекенге жан бітіріп, замана көшіне ілестіруде. Осындай ауданның бірі өткен жылы өз алдына дербес болып құрылған Келес ауданы. Қазір аудан аумағында тұрғын үйлер мен мекемелерге куар коды бар тақтайшалар ілу жұмыстары тыңғылықты жүргізілуде.
Жалпы, цифрлық бағдарламаға көшу – уақыт талабы. Өйткені, осы бағдарлама аясында құжат рәсімдеу, коммуналды қызмет, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге мүмкіндік мол. Заманауи технологияның тағы бір жетістігі - куар код, яғни, әрбір нысанды, әрбір ғимаратты куар код арқылы таңбалау.
«Қазір аудан орталығы мен қатар барлық елдімекендердегі тұрғын үйлерге куар код тақтайшасын іліп жатырмыз. Негізгі мақсат- «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру.Тақтайшадағы осы код арқылы санаулы ғана уақыт ішінде барлық мәліметтерді білуге болады»,- дейді Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Аман Төлебеков
Мамандар бүгінге дейін мұндай тақтайшамен аудан орталығын 80 процентін қамтыған. Оның тиімділігі қазірдің өзінде нәтижесін беруде. Бұл тақтайшалар барлық стандартқа сай жасалған. Сонымен қатар рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша да талаптар орындалған. Яғни, көшенің атауы латын әрпімен қоса берілген,- дейді бас маман Ержан Әшімов.
Келестіктер цифрлы технологияның осылайша жемісін көруде.