Ауылда жас маманға қолдау көп

Screenshot_9.jpg

Оқу бітірген түлектің басты проблемасы ол жұмысқа орналасу. Жас мамандарды жұмыспен қамтып, әрі ауылды аймақтарда маман тапшылығын жорю мақсатында қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы талай жастың жолын ашты. Бүгінде бағдарлама Түркістан облысында қарқынды жүзеге асырылуда. Облыста ауылдық жерге баратын әрбір жас дәрігерге 1,5 млн. теңге берілмек. Қазіргі таңда жолдама алған 57 маманға әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған. Енді қолына диплом алған медицина қызметкері ауылды жерге жұмысқа орналасса, бір реттік көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредитпен баспанаға қолжеткізе алады. Мамандардың дерегінше жыл басынан бері 26 жас отбасы бюджеттік несиемен тұрғын үйге қол жеткізген.   

«Облыстық мәслихат шешімімен 3-ші сәуірде әрбір ауылдық жерге барған жас маманға 1,5 млн. теңге көлемінде өтемақы беріледі. Жергілікті ауылдық жерлерге барған кезде жас маманға  176 мың теңге бір реттік өтемақы беріледі. Одан бөлек, жер, үй сатып немесе салатын болса жеңлдетілген кредит ретінде 3 млн. 789 мың 500 теңге мың теңге қаржы бөлініп отыр»,- дейді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық  басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев

Аталмыш бағдарламаның жемісін көргендердің бірі Гүлназ Бердалиева. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жалпы медицина мамандығын бітірген. 7 жыл оқыған бұрымды дипломмен ауылға бағдарламасымен Бәйдібек аудандық ауруханасына  тәжірибелік дәрігер ретінде жұмысқа  орналасқан. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған отбасылы ана. Бүгінде әлеуметтік қолдаудың нәтижесінде тұрғын үйге қол жеткізіп отыр.  

Айта кетейік, ауылдық жерге орналасқан әрбір жас дәрігер жәрдемақыдан бөлек, қыс мезгілінде қатты отынмен қамтамасыз етіліп, өзге де қажетті заттарды жеңілдікпен ала алады. 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ауылда жас маманға қолдау көп