Хиджабын шешкені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды
Ирандық Саба Корд Афшари - әйелдердің құқығы үшін күресіп жүрген 20 жастағы белсенді. Өз ұстанымын ашық түрде білдіретін белсенді 24 жылға, оның ішінде 15 жыл хиджаб кию ережелерін бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылмақ.
Афшари бұған дейін де сотты болған, алайда 2019 жылдың ақпан айында босатылған. Оған бұл жолы "хиджабты шешу арқылы жезөкшелікті таратқан" деген айып тағылып, өзін және ағасын қамауға алған.
Естеріңізге сала кетсек, Иранда қоғамдық орындарда хиджабсыз жүргені үшін әйел адамдар заң жүзінде қамауға алынып, жазаланады.
Алдыңғы: Шахизада қуанышымен бөлісті