Комбайндар мақта теріміне дайын

70073535_369188140681619_1328651689250521088_n.jpg

Жетісай ауданы Жаңа ауыл әкімшілігінің дихандары мақта терім науқанын толық жинап алуы үшін агрегаттық техникалар дайындығын пысықтады. Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша 40 комбайн жиын-терімге дайын. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа ауыл ауылдық округінде биылғы жылы 4677 гектар жерге шитті мақта егілсе, 1051 гектар жерге бақша, 220 гектар жерге жаңа жоңышқа, 300 гектар жерге ескі жоңышқа, 495 гектар жерге дәндік жүгері дәні себілген. Округ бойынша егілген бақшадан 27 111,2 тонна өнім алынса, мақта дақылынан гектарына 27 центнерден ақ алтын жинауды жоспарлап отыр.

Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың айтуы бойынша өткен жылы округтегі мақталық алқаптың 72 пайыздан астам жерін комбайнмен терілген екен. Биыл бұл көрсеткішті 85 пайызға жеткізуді көздеп отырған айтып өтті. Бұл мақсатта шаруаларымыз комбайндарын техникалық тексерулерден өткізіп, кейбіреулері жаңадан комбайндар сатып алып жатыр.
Сондай жаңадан комбайн алған шаруаның бірі
Мамыр Серікбаев ақсақал «Барақ ата» және «Али» шаруа қожалықтарында 150 га алқапқа әртүрлі дақылдар егілгенін оның ішінде 10 гектарға қауын, 8 гектарға қарбыз, және 12 гектарға қырыққабат ексе, қалған 120 га алқапқа мақта егілгенін айтып отыр.

-Биылғы жиын-терімде мақтаны жауын-шашынға қалдырмай ысырапсыз жинап аламыз деген ойдамыз, - дейді «АЛИ» Шару қожалығының басшысы Оразбай Ділінбетов.

 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Комбайндар мақта теріміне дайын