Жолдау жастар арасында талқыланды

69849165_2391602157824971_2278144597618065408_o.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы Қоғамдық Диалог – Қазақстанның Тұрақтылығы мен Өркендеуінің негізі» атты  жолдауы аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі, аудандық мәдениет үйі, қоғамдық келісім Төлеби аудандық филиалының қызметкерлері және белсенді жастар арасында талқыланды. Бұл туралы Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» хабарлады.  Қатысушылар жолдауда айтылған бастамаларға жеке жеке тоқталып, өз ойларын білдіріп, жолдауда айтылған бастамалардың нәтижелі жүзеге асуы жолында бірлесе жұмыс істейтіндіктерін білдірді.

Еске сала кетейік, Жолдауда жастар мәселесі қамтылған.

-Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын  есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған. Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс,-деген президент  экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары болғанымен бірақ мүмкіндіктердің аздығын, кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыратынын ескертіп, осындай келеңсіз жағдайды жедел түзету қажеттігін тапсырды.

 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жолдау жастар арасында талқыланды