Төрт рет өнім алады

69464026_417964132167711_3070328513383890944_o.jpg

Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінің тұрғыны Жиенбаев Қанат құлпынай өсірумен айналысатын жеке кәсіпкер. Ол 2015 жылдан бері бос жатқан 70 соттық жерінің 50 соттық жеріне тамшылатып суғару әдісін пайдаланып құлпынай егумен айналысып келеді. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шаруашылықта қажеттіліге қарай 4 адамнан 12 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, күніне әрқайсысына 2200 теңгеден төлеуде.

Жеке кәсіпкердің сөзінше, бір маусымда 1 тонна көлемінде құлпынай алады екен. Өнімдерін мамыр, шілде және қыркүйек айларында жинайды. Тіпті төртінші мәрте дәрілік қоспасыз өнім алуды жоспарлап отыр.

«Өз өнімдерімді базарға шығарып әуре болмай-ақ, өзіміздің Бірінші Мамыр, Зағамбар, Ынтымақ ауылдарына 600 теңгеден сатып отырмын. Жұмыс жоқ, ақша жоқ деп жүрген азаматтарға осында келіп, болып жатқан істі көзбен көріп, ауласындағы бос жатқан жерді игілігіне жаратып жатса, құба-құп болар еді» дейді өз сөзінде Қ.Жиенбаев.

 

 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Төрт рет өнім алады